Алматы қаласының

«Цифрлық мемлекет және азаматтық қоғам: іс-қимылдағы серіктестік»

XIV Азаматтық форумының бағдарламасы

Күні мен уақыты: 2025 ж. 2 қазан, сағат 09:00

Өтетін орны: Оқушылар сарайы (Достық даңғ., 124)

Пленарлық сессия

09.00 - 10.00

Қатысушыларды тіркеу. Фойеде бейнеролик көрсету

10.00 - 10.05

Азаматтық форумды ашу. Модератордың кіріспе сөзі – «Almaty Azamattyq Alliance» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Абдыхалықов Қайыржан Саясатұлы

10.05 - 10.10

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Қалдбеков Азамат Бескемпірұлының құттықтау сөзі

10.10 - 10.15

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Құрманова Айзада Амангелдіқызының сөзі

10.15 - 10.20

Мемлекеттік қайраткер, физика-математика ғылымдарының докторы, академик, профессор Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы сөзі

10.20 - 10.25

«Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Нұрғазиева Бану Ғаниқызы сөзі

10.25 - 10.30

Азаматтық белсенді, эколог, «ECO Network» жобасының негізін қалаушы, «EN Social» Қоғамдық қорының директоры Мұхамеджанов Евгений Викторовичтің сөзі

10.30 - 10.35

БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі, Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық бюросының (UNIC) басшысы Властимил Самектің сөзі

10.35 - 10.40

«Қазақстан халқына» ҚҚ басқарма төрайымы Чинкисбаева Ләззат Алтынбекқызының сөзі

10.40 - 10.45

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ басқарма төрайымы Лим Диастың сөзі

10.45 - 10.50

А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Фазылжан Анар Мұратқызының сөзі

10.50 - 11.00

Пленарлық бөліктің аяқталуы. Фотоға түсу

11.00 - 11.30

Кофе-брейк. Көрмені таныстыру

Панельдік сессиялар

11.40 - 13.00

Панельдік сессия № 1 «Smart City (Ақылды қала)»

11.40 - 13.00

Панельдік сессия № 2 «Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру аясында азаматтық қатысу технологиялары (Civic Tech)»

11.40 - 13.00

Панельдік сессия № 3 «Қоғамдық кеңестердің рөлі: диалог, бақылау және даму»

11.40 - 13.00

Панельдік сессия № 4 «Денсаулық сақтау және цифрлық инклюзия»

13.00 - 13.30

Модераторлар мен тең модераторлардың қатысуымен қорытынды панельдік сессия

Форум қорытындыларын шығару: ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу.

13.30 – 14.00

Үздік жобалардың номинанттары мен жеңімпаздарын марапаттау.
Іс-шараны жабу